Алматыда студенттер арасында бадминтон мен үстел теннисінен жарыс өтеді

12.04.2018, Оқылғаны: 642

Cәуірдің 15-і  күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  спорт кешенінде жоғарғы оқу орындарының студенттері үстел теннисі мен бадминтоннан өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарыс «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты ЖОО студенттерін бұқаралық-спорттық шараларға қызықтыру, студенттер арасында үздік командаларды анықтау, үстел теннисі мен бадминтонды жастар арасында таныту және осы спорт түрлерін дамыту болып табылады. Айта кетер жайт, аталмыш бәсекеге қыздар да, ұлдар да қатыса алады.

Қыздар арасындағы жарыс сағат 09.15-те, ал ұлдар арасында сағат 13.30-да басталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медалдармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.