Барлық қызметтер

  1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» - Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күн.
  2. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» - мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күн.
  3. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру"- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күн.
  4. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру"- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру: - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
    • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    • 1-кезең – көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) айдан артық емес.
    • 2-кезең – тұрғынжайды беру – көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап алған сәттен бастап 6 (алты) ай.
  5. "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру"- мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күн.
  6. "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау". Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі.
  7. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" - Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі.