Алматыда балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт Кубогы» Қазақстан чемпионаты өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Ойындар 16-мамырдан бастап «Достық» спорт кешенінде 2001 жылы туылған және одан кіші балалар мен жасөспірімдер арасында өткізіліп, әр өңірден келген 18 команда бақ сынасты.
Бұл 12-ші рет өткізілген чемпионаттың нәтижесінде бірінші орынды Петропавл құрамасы, ал екі мен үшінші орынды Семей мен Қостанай командалары жеңіп алды.
-Бұл чемпионат өте керемет болды. Міне, бесінші жыл қатарынан ұтып отырмыз. Ризамыз. Ұйымдастырушыларға мың алғыс. Барлық командалар жақсы өнер көрсетті, - деп Петропавл ойыншысы Олег Совелев өз ойымен бөлісті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды.


