Алматыда жазғы Президенттік тест жарыстары өтті

15.06.2018, Оқылғаны: 943
Жазғы Президенттік тестілерді тапсыру аясында жыл сайын өтетін жарыстар әдеттегідей қала тұрғындарының басын жеңіл атлетикалық Almaty Arena стадионында қосты, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Қаланың сегіз ауданынан келген 150-ден астам қатысушы 30, 60, 100, 1000 метр қашықтықты жүгіруден, пневматикалық винтовкадан атудан, орыннан секіруден, граната 500-700 гр. мен доп 150 гр. лақтырудан және алға еңкею сынды спорт түрлерінен бәстесті.

- Жалпы Президенттік тест үш кезеңнен тұрады, мекемелік, аудандық және қалалық. Бізде жарыстар жыл сайын 11 жастық санат бойынша өтеді, 9 жастан 70 жасқа дейін және жоғары. Әр жастық санат сәйкесінше, белгілі бір спорт түрлерінен бақ сынасты. Оңтүстік астанада бұқаралық спортты қарқынды дамыту, салауатты өмір салтын насиxаттау аясында осындай шараны жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Осы жылы Тәуелсіз елімізде алғаш рет құрылған жеңіл атлетикалық стадионында өткізуді шештік. Бұл спорттық нысан xалықаралық стандарттарға сәйкес әрі барлығына қолжетімді. Мұнда 50-ден астам спорт түрлерінен жарыстарды өткізуге болады, - деп атап өтті Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық бөлімінің басшысы Алмас Маханбетияров. 

Жарыстар Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Алматы қаласының көп сатылы Президенттік жарыс Федерациясының және «Қоғамдық келісім» қолдауымен ұйымдастырылды.

- Президенттік тестке бірінші рет қатысудамын. 100 метрді 11 минутта жүгіріп өттім, жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Өзім күреспен, джиу-джитсумен шұғылданамын. Бұл мен үшін бір күрделі қашықтық емес. Күн сайын жүгіремін. Жалпы, шара өте ұнады, жақсы бәсеке болды, - деп бөлісті 16 жасар жарыс қатысушысы Виктория Игнатова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальмен марапатталды, сонымен қатар, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетсек, жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту, халықтың дайындағын тексеру болып табылады.

Бұған дейін, президенттік тестілерін тапсыру аясында қалалық жарыстар Орталық стадионда өткізілген.