Алматыда балалар арасында дуатлоннан жарыс өтті

16.06.2018, Оқылғаны: 996

Бүгін "Спорттық Алматы" жобасы аясында Тұңғыш Президент саябағында балалар дуатлоннан өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарыстар төрт жастық санат бойынша 500-ге жуық қыздар мен ұлдар арасында өткізілді. Спорттық шарада жеткіншектер жас санаттарына байланысты бірнеше қашықтықты жүгіріп те, велосипедпен жүріп те бағындырды. Олардың ішінде тұрақты қатысушылар да бар. Бұл жылы олар есейіп, жақсы нәтиже көрсетуде.

- Менің немерелерім жүлделі орындарды иеленді. Мен өте қуаныштымын. Біреуі күмісті, ал екіншісі қоланы жеңді. Маған мұндай шаралар өте ұнайды. Олар дұрыс, спортты сүетін, салауатты өмір салтын ұстанатын балалардың басын қосады. Егер кішкентай кезінде пайдалы шараларға баулысаңыз, өскенде де спортқа қызықғушылықтары болады. Біз осымен үшінші жыл қатысудамыз. Осында балалардың жеңістері мен жарысын бақылаудың өзі бір керемет, - бөлісті жарыс жүлдегерлерінің атасы Андрей Ганжа.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота мен дипломдармен марапатталды, сонымен қатар, оларға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетер жайт, сыйлықтармен қатар, қатысушыларға аниматорлар қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар да көңілден тыс қалған жоқ, белсенділер арасында балалар мерекелерін ұйымдастыратын «Мадагаскар» демеушілерінің атынан сертификаттар ойнатылды.

- Мен төрт баланың анасымын, бірақ, бүгін бес баламен келдім. Олардың екеуі жарысқа қатыысты, ал біз қолдау үшін келдік. Барлығымыз бірге уақытты көңілды өткіздік. Балаларым жүлдегер атанбады, өкінішке орай, бірақ бұл келесі жылы тағы қатысып, үздік атануға ынталандырады. Бүгін біз спорттық шарадан керемет әсер алып қайттық, ұйымдастырушыларға

алғысымды білдіремін, - деп бөлісті қатысушылардың анасы Жанара Сералина.

Аталмыш доданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спорт жаттығуларына қызықтыру, дуатлонды елге таныту, сондай-ақ, еліміздің үздік дуатлеттерін анықтау, олардың шеберліктерін арттыру.

"Спорттык Алматы" жобасы алып шаһарда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді тынығуды насихаттауға бағытталған.