Сергей Богату: Қазақстандағы жағажай волейболы тек Алматы мен Ақтауда ғана дамып жатыр

25.07.2018, Оқылғаны: 495
«Буревестник» волейбол клубының ойыншысы Сергей Богату ағымдағы жылдың басты спорт додасы  Индонезияда өтетін Азия ойындарына ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, жүлделі қайтуға армандайтындығы туралы ақпараттық және спорттық ХАБ тілшісіне берген сұхбатында бөлісті.

«Әрине, Джакартаға барып, Азиада ойындарында жүлделі орындардан көрінуді қалаймын. Алдымызда ұлттық чемпионаттың кезекті ойындары өтпек, мүмкін, оның қорытындысы бойынша жаттықтырушылар штабы Азия ойындарына қатысатын жұптардың құрамын анықтайтын болады. Өз тарапымнан көп дайындық жасаймын және Азиада қатысушыларының қатарына кіру үшін бар күшімді саламын », - дейді Сергей.

Сондай-ақ қазақстандық «жағажайшы» біздің елде бұл спорт түріне көбірек көңіл бөлудің керектігін айтты.

«Біз елімізде жағажай волейболын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндіктер көп, алайда еліміздің барлық өңірлерінде бұл спорт түрлеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Мысалы, біздің клуб Алматы қаласының әкімдігінің жан-жақты қолдауымен және Дене шынықтыру және спорт басқармасының арқасында жарыстарға көп шығады, мықты қарсыластармен  жарысып,  тәжірибе жинақтауға мүмкіндік аламыз. Өкінішке қарай, еліміздің біршама өңірлерінде қажетті жағдайлар жасалынбаған. Ақтаудағы ахуал жаман емес, онда мамандандырылған клуб бар. Жалпы алғанда Ақтауда жағажай волейболына өте жақсы жағдайлар жасалынған және  онда жағажай волейболы бай дәстүрлерге ие », - деді Богату.

Өз сұхбатында Сергей ерлер ұлттық құрамасының мүшелері  Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченконы жас волейболшыларға үлгі болатынын алға тартты, олардан техникалық және тактикалық дағдыларды үйренуге шақырды.

«Бұл жігіттер түрлі жарыстарға қатысып, көп тәжірибе жинады, олардың қоржынында Азия ойындарындағы жеңістер және көптеген басқа халықаралық  турнирлердің жүлделері бар. Біздің жас ойыншыларымыз үлгі тұтатындай осындай спортшыларымыз бар», - деді «Буревестник»  клубының ойыншысы.