Жексенбі, қыркүйектің 9-ы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда кезекті велошеру өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналады. 09:00 –да басталатын велошерудің бағытында әуесқойлар Әл-Фабари даңғылымен жүріп, Тұңғыш Президент саябағында аяқтайды. Оның қашықтығы 8 шақырымды құрайды.
Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады.
Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он алтыншысы болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

06.06.2019
100
05.06.2019
520
05.06.2019
116
05.06.2019
106
04.06.2019
115