- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті, - дейді Алматы қ. қоян-қолтық ұрыс федерациясының вице-президенті, ҚР жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Əзиз Газеев. - Біздің өрендер əлемде кім-кімге болса да лайықты қарсылас бола алады. Қазбек Сағын екі дүркін əлем чемпионы атанды. Ислам Тұрғанбаев əлемдік додаға алғаш қатысты. Осындай қарқынмен кəсіпқойлар сайысына шығатын күн де алыс емес.
- Алты жасымнан бокс, кикбокс, күреспен айналыстым. Құқық қорғау саласына қызметке тұрғаннан кейін қоян-қолтық ұрыспен шұғылданып жүрмін. Мен көп еңбектендім. Əуелі панкратионнан ел жəне əлем біріншіліктерін ұттым. Бұған дейін қоян-қолтық ұрыстан дүниежүзілік додада екінші орын алсам, 2017 жылы бас жүлдені иелендім. Міне, енді сол нəтижені қайталадым, - дейді Қазбек Сағын.
Осы жоғары рейтингтің арқасында спортшылардың ММА-ға ауысуына мүмкіндіктері бар.- Менің осы спортпен шұғылданғаныма төрт жыл болды, - дейді Ислам Тұрғанбаев. - Бұл менің осындай деңгейдегі тырнақалды табысым.Шешуші тұста қателік жіберіп, ирандыққа ұтылдым. Енді бұдан биік мақсатты көздеймін.


