Алматыда үстел теннисінен халықаралық жарыс өтеді

11.09.2018, Оқылғаны: 600
Қыркүйектің 12-і мен 15-і аралығында «Зенит» спорт  кешенінде үстел теннисінен «Южная столица» халықаралық турниріне арналған жалауы желбірейді. Осыған орай, қыркүйек айының 12-і күні сағат 16:00  БАҚ өкілдеріне  арналған  баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Тунирге Қазақстан.  Ресей, Өзбекстаннан келген спортшылары қатысады. Ресей атынан Екатеринбургтен келген Урал таулы-металлургиялық компаниясының (УГМК) ойыншылары қатысады. Бұл команда өз тарихындағы 11 жылдың ішінде 4 рет Ресей чемпионы атанған болатын. 2013 жылы Еуропа кубогының жеңімпазы атанса, 2012 жылы еуропалық лига чемпиондарының күміс жүлдегері атағын алған еді. Бұған қоса, еуропалық турнирдің бірнеше дүркін жартылай финалисті.Өзбекстанның абыройын Ташкент пен Андижан қалаларынан келген ұлттық құраманың спортшылары мен Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары қорғайды. Ал, Қазақстан намысын ұлтық құраманың мүшелері мен көптеген  жарыстың  қатысушылары әрі спорт шеберлері қорғайтын болады.

Халықаралық жарыстың салтанатты ашылуы қыркүйектің 13-і күні сағат 13:00  өтеді.