Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Жарыстың финалында қыздар арасында қарағандылық Зәуреш Акашева өзбекстандық Камила Халикованы 4:2 есебімен ұтты. Ал, үшінші орынды астаналық Анастасия Лаврова иеленді. Ол Өзбекстаннан келген өз қарсыласы Мархабо Магдиеваны 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Ерлер арасындағы финалда ресейлік спортшылар Илья Жидков пен Илья Исаков кездесті. Оның нәтижесінде Жидков 4:2 есебімен жеңді. Ал, үшінші орын алматылық Тимур Кельбугановқа бұйырды. Ол өзбекстандық Ельмурот Холиковты 4:1 есебімен ұтты.
Жарыс жүлдегерлерін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы марапаттады. Айта кетер жайт, 20-ші рет өткен халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жасы 14-тен асқан 130 ұлдар мен қыздар бақ сынасты. Ойындар"Зенит" спорт кешенінде өткізілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұлдарға бірінші орын үшін - 300 мың, екінші 230 мың, үшінші 150 мың, төртінші 60 мың, бесінші 40 мың, алтыншы 30 мың теңге. Қыздар - 250 мың, 150 мың, 100 мың, 50 мың, 30 мың, 20 мың теңге иеленді.

- Финал психологиялық жағынан өте қиын болды. Оның үстіне біз өз елімізде ойнаған соң, мойынымызда үлкен жауапкершілік болды. Бірақ, мен тырысып, жеңіске жеттім. Өте қуаныштымын, - деді жеңімпаз Зәуреш Акашева.
Ерлер арасындағы финалда ресейлік спортшылар Илья Жидков пен Илья Исаков кездесті. Оның нәтижесінде Жидков 4:2 есебімен жеңді. Ал, үшінші орын алматылық Тимур Кельбугановқа бұйырды. Ол өзбекстандық Ельмурот Холиковты 4:1 есебімен ұтты.
Жарыс жүлдегерлерін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы марапаттады. Айта кетер жайт, 20-ші рет өткен халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жасы 14-тен асқан 130 ұлдар мен қыздар бақ сынасты. Ойындар"Зенит" спорт кешенінде өткізілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұлдарға бірінші орын үшін - 300 мың, екінші 230 мың, үшінші 150 мың, төртінші 60 мың, бесінші 40 мың, алтыншы 30 мың теңге. Қыздар - 250 мың, 150 мың, 100 мың, 50 мың, 30 мың, 20 мың теңге иеленді.
15.11.2019
329
11.11.2019
359
25.09.2019
380
06.06.2019
495
05.06.2019
3003