Алматыда әйелдер клубтық командалары арасында гандболдан үшінші Азия чемпионаты аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Ойындар 3-9 қазан аралығында «Достық» спорт кешенінде Қазақстан, Иран, Индия және Өзбекстан елдерінен келген 6 команданың қатысуымен өткізілді.
Тартысты әрі қызықты өткен чемпионаттың нәтижесінде Алматы қыздар гандбол клубы ең жоғары 10 ұпайды жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орындарға қызылордалық «Қайсар» мен «Астана» командалары жайғасты.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және медальдармен марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар таратылды.

- Алдымен Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Қазақстан гандбол Федерациясына осындай мейрам үшін алғыс білдіргім келеді. Біз алдын ала чемпион болып, барлық 5 ойында жеңіске жеттік. Ойыншылар менің нұсқаларымды орындап, командалық ойын көрсете білді. Өте қуаныштымыз. Сондай-ақ, келіп бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге де алғысым шексіз. Енді алда бізді ел чемпионаты күтіп тұр, - деді «Алматы» командасының жаттықтырушысы Арсен Бердібеков.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және медальдармен марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар таратылды.
15.11.2019
289
11.11.2019
316
25.09.2019
343
06.06.2019
456
05.06.2019
2958