Конфедерация кубогының финалдық сайысы Алматыда өтеді

06.12.2018, Оқылғаны: 391
Жыл сайын республикамыздың барлық өңірі өкілдерінің басын қосып, командалық жарыстарда кімнің үздік екенін анықтайтын дүбірлі доданы жанкүйерлер әркез тағатысыздана күтуде. Осы күнге дейін күрес түрлері, бокс, таэквондо, дзюдо және қазақ күресінен өткен топтық турнирлерінде дара шыққан командалар толықтай анықталды.

Енді солардың арасынан қай өңірдің өрендері оза шабатынын Алатау баурайында жалауы желбірейтін осы жарыс барысында белгілі болады.

Бұл турнирдің жүлде қоры 145 миллион теңгені құрайды.

  • Боксшылар бәсекесінде Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы күш сынасады.
  • Дзюдошылар арасындағы тартыс Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау және Қызылорда балуандары арасында өтеді.
  • Таэквондошылар турнирінде топ жаратын команда Павлодар мен Түркістан облыстары және Алматы қаласы өкілдері арасындағы тартыста анықталады.
  • Еркін күрес шеберлерінің сайысында Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары және Алматы мен Астана қалаларының өрендері бақ сынайды.
  • Грек-рим күресінен ұйымдастырылатын бәсекеде Алматы қаласы, Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының апайтөстері шеберлік байқасады.
  • Қазақ күресінен өтетін жарыс Астананың «Елорда батыры», Алматының «Qazaqkuresi» және Қарағандының «Қарағанды облысы қазақ күресі» (Қарағанды) және «ЗАК КАР» клубтары арасында өтеді.