Волейболдан ерлер арасындағы "Буревестник кубогы" халықаралық турнирі

13.12.2018, Оқылғаны: 389

Алматыдағы "АВВ Arena" спорт залында 11-15 желтоқсан аралығында волейболдан ерлер арасындағы "Буревестник кубогы" халықаралық турнирі өтуде

Бұл жарыста Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей жəне "Буревестник-Алматы" клубы өнер көрсетуде. Бұл жайында "HUB" ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды.

Кезінде Қазақстан волейболының даңқы алысқа жайылды. Алпысыншы жылдардың екінші жартысы мен жетпісінші жылдардың басында Алматының Буревестнигі" талай биік белестерді бағындырды.

Атап айтсақ, 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, 1970 жəне 1971 жылы Еуропа чемпиондары кубогын олжалады. Осы ұжымда шеберлігін шындаған ойыншылар уақыт оза өз дəуірінің  теңдессіздеріне айналды.

Араларында Олимпия ойындары, əлем жəне құрлық чемпионаты жəне басқа да халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілгендер бар.

Міне, осы даңқты команданың құрметіне жыл сайын осындай керемет жарыс ұйымдастырылуда. Енді ол дəстүрлі түрде өтеді.