Алматыдағы Баум тоғайыннан бастау алған «Алматы Марафонынының» екінші маусымында 1 200 адам тіркелді. Олар отбасы және жора-жолдастарымен бірге келді. Балалар 3 шақырымға және ересектер 13 шақырымға жүгірді.
«Смелость быть первым» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы және «Алматы Марафонын» ұйымдастырушы Ғалымжан Есенов жарысқа қатысушыларға жүгірістің жеңіл және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі.
Сегізінші «Алматы Марафон» 2019 жылдың 21 сәуірінде өтеді. Егер сол сайысқа қатысуға ниеттеріңіз болса, Тұңғыш Президент саябағына жаттығуға келіңіздер!

– Осындай шаралар арқылы денсаулықты түзеп, рахатқа бөленіп, жақсы позитив алған жөн. Бірінші әуесқойлар сайысына 2 мыңнан аса адам жиналды. Ал биылғы жылдың басты додасына 17 мыңнан аса адам қатысады деп күтілуде. «Алматы Марафоны» жарысына тіркеу әлі де жүргізілуде, – дейді ол.
Балалар арасындағы бәсекеде Рима Гранкина мен Доминик Боловинцев бәрінен озды. Абсолюттік сайыста Юлия Фернас пен Михаил Красиловтың көші ілгері болды. 15-34 жас аралығындағы желаяқтар жарысында Айжан Жанбатыр мен Алмас Рақымбаев, 35-49 жас аралығындағылардың тартысында Нағима Керімбаева мен Ержан Жанмаилов және 50 жастан асқандар арасында Әлия Айтқазина мен Тұрсынәлі Әлибаев жеңімпаз атанды.Ұйымдастырушылардың бірі – Уәлихан Тен балалар үшін қызықты дене қыздыру жаттығуларын өткізді. Олардың ата-аналары мен ата-әжелерін де жігерлендірді. «Салауатты өмір салтын насихаттау және де басты жарысқа дайындалу мақсатында біз төрт маусымдық жүгіру шараларын үздіксіз өткізіп келеміз. Барлық аралық сайыстың мақсаты – ірі спорттық шараларға қатысу мәдениетін қалыптастыру» – деп Уәлихан тіл қатты.
Сегізінші «Алматы Марафон» 2019 жылдың 21 сәуірінде өтеді. Егер сол сайысқа қатысуға ниеттеріңіз болса, Тұңғыш Президент саябағына жаттығуға келіңіздер!
25.09.2019
45
06.06.2019
134
05.06.2019
1043
05.06.2019
145
05.06.2019
146