«WORLD TOUR SAMILA 1»

12.04.2019, Оқылғаны: 284
08-11 сəуір аралығында Таиландтың Сатун қаласында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен «Буревестник-Алматы» клубының ойыншылары жағажай волейболынан «WORD TOUR SAMILA 1» халықаралық турниріне қатысты. Бұл жарыста Катар, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Иран, Таиланд, Новегия, Қазақстан жəне тағы басқа мемлекеттерден келген барлығы 32 команда бақ сынады.

Құрамында Алдаш Нұрдос пен Мохаммад Маджид сынды ойыншылары бар Қазақстан-3 командасы іріктеу сынында Малайзияны ұтып, одан кейін Венгрияға есе жіберді

Нəтижесінде 32 команда арасынан 17 орынды иеленді.

Осы жарыста Қазақстан-1 (Сидоренко мен Дьяченко) Австрия мен Украинаны ұтты.

Қазақстан-2 (Богату мен Яковлев) Тайпей мен Ресейден басым түсті

Одан кейін үздік төрттіктің қатарына қосылу үшін жерлестеріміз өзара шеберлік байқасты. Бұл тартыста Богату мен Яковлевтің бағы жанды.

Жартылай финалдағы аса шиеленісті бəсекеде Украинадан 1:2 есебімен ұтылған біздің жігіттер қола медаль үшін сайыста  Таиландты жеңді - 2:1.

Жарыс қорытындысы:

1. Украина

2. Иран

3. Қазақстан