Сенаторлар спорт саласында табысқа жеткен спортшыларды ұлттық бірыңғай тестен босатуды сұрайды.
Ол өнер мен спорттың арнайы мектептерінде дайындық 4 сыныптан басталатынын атап өтті. Сонымен қатар, жыл сайын түлектердің 70-80 % ЖОО-на құжаттарын тапсыратынын айта келе, колледждің түлектері жоғары білім алуда түрлі кедергілерге тап болатынына назар аударды. Атап айтсақ, халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендердің өздері ҰБТ-да алған төменгі баллдарының кесірінен мемелекеттік гранттан қағылады."Депутаттық сауал жолдауға мəдениет пен спорт саласындағы колледждерде оқитын, халықаралық жарыстарда жоғары нəтиже көрсетіп жүрген спортшылар ҰБТ-да төменгі балл алулары себеп болды. Соның салдарынан ЖОО-на түсу кезінде олар мемлекеттік білім грантынан айырылады. Өнер мен спорт - Қазақстанның халықаралық беделін асқақтататын сала. Осы қос салада кадрлар даярлаудың өз ерекшеліктері бар. Себебі, мамандарды даярлау ісі мектеп қабырғасынан басталады" , - деді Мұрат Бақтиярұлы Сенаттың алқа отырысы кезінде Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіхалықованың атына депутаттық сауал жолдай отырып.
15.11.2019
285
11.11.2019
314
25.09.2019
341
06.06.2019
453
05.06.2019
2956


