Алматыдағы N9 спорт мектебінде спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мен ел кубогы өтуде. Бұл жарыста респубикамыздың барлық аймағынан келген өрендер бақ сынауда. 16-17 мамырда көпсайыстың жекелеген түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар анықталады.
Айтулы жарыс əлем чемпионатына іріктеу сыны ретінде қарастырылуда. Өткен жылғы əлемдік додада жерлестеріміз 24 команда арасынан 16 орынды иеленген еді. Ендігі мақсат - 12 үздік команданың қатарына қосылу.
«Əрине, бұл оңай шаруа емес. Десек те осы белеске негізссіз көз тігіп отырған жоқпыз» - дейді ҚР спорттық гимнастикасының вице-президенті Махмұд Ескендіров.
06.06.2019
100
05.06.2019
536
05.06.2019
116
05.06.2019
109
04.06.2019
116


