Құрылғанына аса көп уақыт бола қоймаған республикалық әуесқой волейбол федерациясы жыл басында 12 команданың қатысуымен іріктеу турнирін өткізді. Кейіннен олар екі дивизионға бөлінді.
Енді әуесқойлар күзгі чемпионатқа даярланады. Ал федерация еліміздің әр өңірінде филиалдар ашуды көздеуде.
- Құрылғаннан кейін үш айдан кейін әуесқой командалар арасында алғашқы және көктемгі республика біріншіліктерінің финалдық сайыстарын өткіздік, – дейді ҚР әуесқой волейбол федерациясының президенті Мұрат Мұрашев. – Мен бұл өнерді бала кезімнен ұнаттым. Қазір де құштарлығым еш кеміген жоқ. Бұл әр түрлі сала қызметкерлері, түрлі жастағылар, қарпайым адамдар мен шенділердің барлығының басын біріктіретін ғажап ойын. Кәсіпқой волейболдан чемпионаттар мен кубоктар үздіксіз өтіп тұрады. Әуесқойлар арасында ондай додалар жоқ. Содан кейін үзеңгілестерімізбен бірігіп федерация құрдық. Волейболды жақсы көретін адамдардың басын қостық. Біз жарна жинадық, демеушілерді тарттық. Осылайша, керемет бір спорттық мереке ұйымдастыруды жақсы дәстүрге айналдырдық.
«В» дивизионындағы төрттік финалында «Глобал прайс» үшінші орын алса, «Ынтымақ» екінші сатыға жайғасты. Бірінші орында – «8 шнурков» клубы. «А» дивизионында ҚазҰУ үшінші орынды иеленсе, «JMI» екінші орынға табан тіреді. Ал бас жүлдені «Орбита» олжалады.
- Волейбол – бұл хобби, өмірдің өзегі. Мен бала кезімнен осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Қазір де жаттығуға уақыт табамын. Себебі, бұл – салауатты өмір салты. Біз достарымызбен бірге жақсы команда жасақтап, әуесқойлар лигасында күш сынасып жүрміз, – дейді «Ынтымақ» клубының капитаны Бекболат Жолдасов.
Енді әуесқойлар күзгі чемпионатқа даярланады. Ал федерация еліміздің әр өңірінде филиалдар ашуды көздеуде.
15.11.2019
285
11.11.2019
314
25.09.2019
341
06.06.2019
453
05.06.2019
2956


