Тамыздың 26-сы күні, Алматылық Ипподромда Қазақстандық ат жарысы қауымдастығымен бірлесіп, 2017 жылғы маусымның сегізінші ат бәйгесін ұйымдастырмақ. Осы жылдың маусымында ипподромда, жалпы, 11 ат жарысы күндерінде 300 асыл тұқымды жылқыларды сынау жоспарланған.
Жайшабыс – әйгілі, беделді және айтулы додалардың бірі десек те болады. Бұл бәйгеде тек үздік, жүйрік аттар бақ сынасады. Аталмыш сайыс тек бізде ғана емес, ел бойынша өте танымал.
Тамыздың 26-сы күні, Алматылық Ипподромда Чемпиондар Кубогы (2400 м қашықтықта үш жасар және жоғары таза ағылшын тұқымды жылқыларға арналған), сондай-ақ, басқа да қашықтықтырда ат жарыстары өтетін болады. Дәлірек айтқанда:
1) Кенші күніне арналған жүлде. Жарысқа ағылшын тұқымды үш жасар жылқылар қатысады, қашықтық - 2400 м;
2) Айхэвноутайм жүлдесі. Жарысқа ағылшын тұқымды екі жасар бие қатысады, қашықтық - 1400 м;
3) ҚР Конституциясына арналған жүлде. Жарысқа ағылшын тұқымды төрт жасар және жоғары жылқылар қатысады, қашықтық -1800 м;
4) «Қыз Жарыс» жүлдесі (қыздардың ат жарысы). Жарысқа ағылшын тұқымды екі жасар жылқылар қатысады, қашықтық-1000 м;
5) "Казахстанская миля" жүлдесі.Жарысқа ағылшын тұқымды үш жасар жылқылар қатысады, қашықтық - 1600 м;
6)"Чемпиондар Кубогы", жарысқа ағылшын тұқымды үш жасар және жоғары жылқылар қатысады, қашықтық -2400 м.
Өткізілу мерзімі: 26 тамыз 2017 жыл
Басталуы: сағат 12:00
Кіру тегін
Мекен-жайы: Алматы қ., Омарова көш-сі 10 А (Құлагер" мкр-ы.")
Қоғамдық көлік бағыты: автобустар № 17, № 56 және № 123.


