Алматыда тегін жүзу сабақтары басталды

07.06.2017, Оқылғаны: 841

Бүгінгі күні кәсіпқой бапкерлер балаларды бассейндермен қамтылған бес спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. ОларСейфуллина 404, 14, Тимирязева 41, Яссауи 1Б және  Өтемісұлы  1(Шаңырақ ықшамауданы) көшелерінде орналасқан. Балаларға арналған жүзуден жаттығулар жаздың соңына дейін аптасына 2-3 мәрте өтетін болады.

- Бұл уақыт сергіп, жүзу әдістерін үйренуге жеткілікті. Қатысушыларды топтарға бөлетін болсақ, бастаушыларды дұрыс дем алуға үйретеміз, содан соң, негізгі жаттығуларға көшеміз. Оларға барлық жүзу әдістерін меңгеруге арналған жаттылғуар жатады. Оның ең күрделісі – баттерфляй. Бағдарламаның соңына дейін барлығы жүзіп үйренеді деген ойдамын. Әлбетте, балалардың ынталарына да байланысты. Алайда, жетістіктер жаман емес, - деп бөлісті Aquastars бассейнінің жаттықтырушысы Вячеслав Горев.

Сонымен қатар, Вячеславтың айтуынша, бұл бағдарламаның елімізде жүзудің дамуына тигізер септіктері мол. Өйткені, көбісі негізгі жүзу әдістерін білмейді, ал бұл бағдарлама арқылы олардың жүзу шеберліктерін меңгеруге мүмкіндіктері бар.

Біріншіден, бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары және  балалар үйінен  шыққан жасөспірімдер қатыса алады. Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жылы балалар санын тағы 1000-ға көбейтті. Өткен жылы 1000 адам қатысса, осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

- Бізде осындай бағдарламаның барына өте қуаныштымын. Осы арқылы әрбір бала жүзу әдістерін меңгере алады. Оның алдында талпынып көрмеппін, бірақ екі сабақтан соң, арқада жүзуді үйрендім. Әрі қарай, бассейнге келіп, тырысатын боламын, - деп атап өтті 10 жастағы  қатысушы Даулет Аяқбай.

Айта кетсек, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында биыл  коньки тебуді тегін үйретсе, ал өткен жылы осы жоба арқылы жеткіншектер атқа мінуді және жүзуді үйренген болатын.Аталмыш акция маусымның 1-і күні басталып, тамыздың соңына дейін жалғасады.