Алматыда мұғалімдер арасында қалалық спартакиада өтті

03.11.2017, Оқылғаны: 903

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында №146-ші жалпы білім беретін мектепте мұғалімдер арасында қалалық кезеңінің  спартакиадасы өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша спорттың бес түрінен ұйымдастырылды.  180-ге жуық ұстаз  волейбол, тоғызқұмалақ, аркан тарту, шахмат және гір көтеруден өзара мықтыны анықтады.  

- Біздің команда арқан тартудан бірінші орынды иеленді. Жеңіске жету оңайға соқпады, бірақ біз аяғына дейін күрестік, спартакиаданың барлық кезеңдерінен сәтті өттік. Осындай спорттық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деймін, тек мұғалімдер ғана емес, оқушылар арасында ұйымдастырылса, олардың спортқа деген қызығушылығын оятуға септігін тигізед. Спорт дегеніміз қозғалыс, қозғалыс  - бұл өмір. Өзім көгалдағы хоккеймен айналысамын, сондықтан спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсінемін, - деп бөлісті жарыс жеңімпазы, №122 мектептің дене шынықтыру мұғалімі Салтанат Қонырбаева.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Әуезов ауданының мұғалімдері бірінші орынды иеленсе, Алатау ауданының оқытушылары екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті Алмалы ауданының ұстаздары түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар, дипломдар және кубктарға ие болды, сондай-ақ, оларға кішігірім сыйлықтар табысталды.

Бұл спартакиаданың басты мақсаты жалпы білім беру мектеп мұғалімдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де оларды салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылады.