Жексенбі, ақпанның 18-і күні Алматыдаколледж студенттері арасында спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде өткізіледі. Оның басты мақсаты колледж студенттері арасындағы үздік командаларды анықтап, қатысушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып саналады. Жарыстың басталу уақыты 10:00-де.
Бұл спартакиада бағдарламасына шағын футбол, гір спорты, арқан тарту, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрес спорт түрлері кіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медал, диплом және ұйымдастырушылардың атынан сыйлықтар табысталады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
15.11.2019
289
11.11.2019
316
25.09.2019
343
06.06.2019
456
05.06.2019
2958


