Бостандық ауданының оқушылары «Спорттық Алматы» жобасы аясында жарысын бастады

02.03.2018, Оқылғаны: 429

Бүгін, наурыздың 2-і күні, Бостандық ауданында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтіп жатқан оқушылар арасындағы жарыстар басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Осы аудандағы № 65, 22, 94, 105, 140-ші гимназия мен жалпы білім беретін мектептерінің 5-8 сынып оқушылары асық-ату, шағын футбол, арқан тарту, баскетбол спорт түрлерінен, сонымен қатар бірнеше байқаулардан сынға түсті.

Жарыстын нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал және «Hawaii» аквапаркі билеттерімен марапатталды.

Айта кету керек, оқушылар арасындағы жарыстар «Спорттык Алматы» бағдарламасы аясында 2016 жылдан бастап өткізілуде. Оның басты мақсаты қатысушылардын арасында салауатты өмір салтын насихаттап, балалардын спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жоба.