| Құрылған күні |
Алматы қаласы әкімшілігінің 2007 ж. 16 сәуіріндегі. № 3/497
«Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» құрылып, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап өз жұмысын бастады. |
| Спорт түрлері |
«Алматы» спорт клубында мүгедектік категориясына байланысты 4 бөлімше жұмыс істейді:
- 1) Тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар.
- 2) Көру қабілеті төмен спортшылар.
- 3) Есту қабілеті төмен спортшылар.
- 4) «Спешиал Олимпикс».
Оқу-жаттығу жұмысы спорттың 18 түрі бойынша жүргізіледі: жүзу, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, шағын -футбол, футбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, таэквондо, садақ ату (компаунд), отырып ойнайтын волейбол, арбада отырып ойнайтын теннис, бадминтон, голбол.
|
| Басшысы |
Сагымбаев Найзабек Бекетович |
| Мақсаты мен міндеті |
- -Дене мүмкіндігі шектелген адамдарды жасына қарамастан өмірлік позициасына қарай тұрақты түрде спортпен айналысуға тәрбиелеу;
- -Спорт түрлері бойынша спорттық оқу-жаттығуды жалға алған спорттық ареналар мен базаларды ұйымдастыру;
- - Бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспары бойынша қалалық жарыстарды ұйымдастыру;
- - Республикалық және халықаралық спорттық күнтізбелік жаспарға байланысты Қазақстан ұлттық командалар құрамында Республикалық, Халықаралық жарыстарға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;
- -Республикалық және Халықаралық жарыстарға қатысу және спортшылар мен бапкерлерге спорттық киімдер мен спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету;
- - Мүгедек жандарды ұйымдастырушылыққа, еріктлікке және бапкерлікке келісім шарт арқылы жұмысқа тарту.
|
| Спорттағы жетістіктер |
2017 жыл қортындысында барлығы: 197 медаль, оның ішінде:
- 92 алтын,
- 53 күміс,
- 52 қола медаль «Алматы» спорт клубы спортшыларының еншісінде.
Сонымен қатар
- ҚР ЕССШ-2 адам,
- ХДСШ-4 адам,
- ҚР СШ-20 адам,
- СШҮ-21 адам,
- І спорттық дәрежеде-2 адам,
- спорттық атақтарға ие болса,
- 2 адам ҚР ЕСЖ атақтарын алды.
. «Алматы» спорт клубы ҚР ұлттық құрамына 161 спортшы дайындады, оның 136-ы негізгі, 25-жастар құрамасында.
2017 жылдың қыркүйек айының 13-24 жұлдызы аралығында Атырау қаласында, ТҚАЗ және көру қабілеті төмен спортшылар арасында өткен ҚР 5-ші Спартакиадасында «Алматы» спорт клубының спортшылары спорттың 9 түрінен жарысқа қатысып, 16 команданың ішінен жалпы командалық 2 орынға ие болды.
«Алматы» спорт клубының спортшылары ұлттық құрама команда сапында спорт түрлері бойынша бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, сәтті өнер көрсете білді. Атап айтқанда:
- -07-12 шілде аралығында Луанд қаласында (Швеция) есту мүшесі төмен спортшылар арасында шахматтан клуб аралық командалыр арасында өткен Европа чемпионатында «Алматы» СК, 12 команданың ішінен жүлделі ІІ-орынды иемденді.
- -Есту мүшесі зақымданған спортшылар арасында «Алматы» спорт клубының спортшылары жастар арасында 2017 жылдың 12-20 шілде айында Пресов қаласында (Словакия) шағын футболдан өткен Европа чемпионатында 14 команданың ішінен жүлделі 2 орынды иемденді.
- -ТҚАЗ спортшылары арасында үстел теннисінен өткен командалық Әлем чемпионатына «Алматы» спорт клубының спортшысы Азамат Оразбек Қазақстан құрамасы атынан қатысып, жалпы командалық есепте 6 орынға табан тіреді.
- -ТҚАЗ спортшылары арасында жеңіл атлетикадан Лондон (Англия) қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында Аманат Қалқаев өнер көрсетті.
- -ТҚАЗ спортшылары арасында садақ атудан 2017 жылдың 23-31 тамыз аралығында Пекин (Қытай) қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан Әбдіғани Айқынбаев пен Сәрсенбек Менгельбеков қатысты.
- -ТҚАЗ спортшылары арасында үстел теннисінен 2017 жылдың 23-31 тамыз аралығында Пекин (Қытай) қаласында өткен Әлем чемпионатында «Алматы» спорт клубының спортшысы Ахат Ауданбеков бақ сынады.
- -Пара пауэрлифтингтен Мексика қаласында өткен Әлем чемпионатында 59 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен «Алматы» спорт клубының түлегі Ақжол Жарылғапов күміс медальді жеңіп алды.
- -Пара жүзуден Мексика қаласында өткен Әлем чемпионатында 400 метрлік ара қашықтықта еркін жүзуден Кирилл Ильюкевич 4- орын алды.
- -2017 жылдың 14-30 шілде аралығында Түркия мемлекетінің Самсун қаласында өткен XXIII Сурдлимпиадалық ойындарға «Алматы» спорт клубынан 13 спортшы мен 5 жаттықтырушы қатысты.
- -Грек-рим және еркін күрес – 6 спортшы;
- -Жеңіл атлетика – 4 спортшы;
- -Дзюдо – 3 спортшы;
- Грек-рим күресінен Шонку Хайратхаан,
- ал еркін күрестен Тәжиев Асылжан қола медаль иемденді.
|
| Спортшылар |
Клубтың құрамында 661 адам, оның ішінде 266 спортшы 18 жасқа дейін.
|