Футболдан аула командалары арасындағы лига жалғасуда

20.06.2018, Оқылғаны: 1310
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясындағы футболдан аула командалары арасындағы лига маусымның 23-і мен 24-і күндері өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  
 
Бұл жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Әл-Фараби даңғылы, 71/70) футбол алаңында жасы 8-ден асқан кез келген ұлдар мен қыздар арасында ақысыз түрде олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.  
 
Бірінші «А» лигасына – 8-ден 14 жасқа дейінгі, ал, екінші «Б» лигасына – 15-тен жоғары жастар қатыса алады. Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болу керек.  
 
Жарыс бағдарламасы: «А» лигасы 23-ші маусым – 08:00-де, ал «Б» лигасы 24-ші маусым – 08:00- өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медалдарға ие болады, сонымен қатар, аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары таратылады.  
 
Аула лигасының басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, осы спортты дамыту болып табылады.
 
Қосымша ақпарат: 
8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов 
8 (777) 303 23 83 - Ерлан Сартаев