1300-ге жуық футбол әуесқойлары аула лигасында бас қосты

27.08.2018, Оқылғаны: 1001
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында аула командалары арасындағы футбол лигасының кезекті ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Оған 1300-ге жуық жас 8-ден асқан кез келген ұлдар мен қыздар қатысып қызықты ойындар көрсетті.  
 
Күннің ыстығына қарамастан таң атысымен көптеп жиналған футбол әуесқойлары жүлде үшін алдына жан салмай бақ сынасты. Нәтижесінде 8-14 жас аралығындағы ойыншылардан құралған «А» лигасының жүлдегерлері болып «Асыл Арман», «Метеор» және «Амкал» болды.  
 
Ал, «Б» лигасында (15+) «Асыл Арман», «Думан ықшам ауданы» және «13-ші аймақ» ойыншылары жүлделі орындарға ие болды.  
 

Ойындар қиын болды. Сонымен қатар, күнде ыстық. Бірақ біз жеңу үшін бар күшімізді салдық. Қуаныштымыз. Өзіміз аулада жиі дайындалып тұрамыз, – дейді «Асыл Арман» ойыншысы Әлішер Пернехан.  

 
Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен Қазақ Ұлттық университеті стадионында олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал, сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар, аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары және «Майами» аквапаркі билеттері таратылды.