Аула лигасының кезекті турында жеңімпаздар анықталды

30.09.2018, Оқылғаны: 816
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында аула командалары арасындағы футбол лигасының кезекті ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.    
 
1000-нан астам жасы 8-ден асқан кез келген футбол әуесқойлары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стадионына келіп, қызықты ойындар көрсетті.      
 
Бұл турдың нәтижесінде 15-тен асқандардың арасында жеңіске «Жиделі» командасы жетті. Екінші және үшінші орындарға «Орда» мен «Махатма Ганди атындағы мектеп» оқушылары жайғасты.    
 
Ал, 8-14 жас аралығындағы ойыншылардан құралған «А» лигасының жүлдегерлері болып «Метеор», «Али» және «Амкар» атанды.      
 

- Бізге бұл лига қатты ұнайды.Бүгінгі турда жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Қарсыластар қиын болды. Өзіміз ылғида дайындалып тұрамыз, келесі ойындарды асыға күтеміз, – деді «Метеор» ойыншысы Ермырза Еркебұлан.    

 
Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясы және SportExpo Kazakhstan халықаралық көрмесін ұйымдастыратын ұжымның қолдауымен олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.    
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, SportExpo Kazakhstan атынан үздік ойыншыларға арнайы футбол атрибуттары таратылды. Ал, барлық ойыншыларға «Қайрат» футбол клубының атынан ҚПЛ ойыны – «Қайрат» – «Ақтөбе» билеттері таратылды.