Ендігі кезекте барлық жүлдегерлер финалы. Алматыда биылғы маусымдағы аула лигасының соңғы туры өтті

14.10.2018, Оқылғаны: 922
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында аула командалары арасындағы футбол лигасының биылғы маусымындағы соңғы ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
1000-ға жуық жасы 8-ден асқан кез келген футбол әуесқойлары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стадионына келіп, қызықты ойындар көрсетті.
 
Бұл турдың нәтижесінде 15-тен асқандардың арасында жеңіске «Judo team» командасы жетті. Екінші және үшінші орындарға «Қайнар» мен «Уэска» оқушылары жайғасты.
 
Ал, 8-14 жас аралығындағы ойыншылардан құралған «А» лигасының жүлдегерлері болып «Асыл Арман», «Орда» және «Метеор» атанды.
 
Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясы және SportExpo Kazakhstan халықаралық көрмесін ұйымдастыратын ұжымның қолдауымен олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, SportExpo Kazakhstan атынан үздік ойыншыларға арнайы футбол атрибуттары таратылды.
 
Айта кету керек, енді қазанның соңында биылғы маусымда жүлдегер атанған командалардын қатысуымен финалдық ойындар өтетін болады.